Құрметті ата-аналар!
№1 «Сәби әлемі» бөбекжай-бақшасы Атырау қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы инновациялық бағытта жұмыс жасайтын алғашқылардың бірі. Бөбекжай-бақшасы статусына сай шығармашылық ұжымы жасақтаған бірнеше авторлық бағдарламалары бар. Бөбекжай-бақшасында балаларды кешенді дамыту үшін барлық жағдай жасалған. №1 «Сәби әлемі» бөбекжай-бақшасында балаларға зияткерлік, адамгершілік және патриоттық тәрбие беру бағытында терең жұмыстар жүргізеді.
40 жылдық тарихы бар біздің бөбекжай-бақшасының жемісті еңбегі тек қана республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де балалар мен педагогтардың түрлі байқаулардағы жетістігімен танымал.
Біздің ұранымыз:
Шын жүректен балаларға,
Тәрбие нәрін береміз.
Жақсы адам болып қалануға,
Білім дәнін егеміз
Біздің педагогтар: Шыгармашыл, әрбір баланың жан-жақты дамуына ынталы мақсатының шыңына жететін адамдар!